Көбейтұзға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші халықтан кешірім сұрады

23 Шілде 2020, 17:28
1456
Бөлісу:
Көбейтұзға көлікпен кіріп кеткен жүргізуші халықтан кешірім сұрады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлігімен Көбейтұз көліне кіріп кеткен жүргізуші бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады. 

Видео полиция бөлімшесінде түсірілген.

Тәртіп бұзушы видеода Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапарға шыққанын, жолда қызғылт көлге тоқтағанын айтты.


Әрине, менікі дұрыс емес, қателестім, сол үшін кешірім сұраймын. Көлге өз аяғыммен де баруға болар еді, бірақ осылай болды. Мен қатты-қатты кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде бұл жайт кеңінен таралып, ол қызу пікірталасқа ұласыпты. Шынымды айтсам, осы 40 жасымда бұлай болады деп ойламаппын... - деді көлік иесі.

Айта кетейік, Ақмола полициясының қызметкерлері құқық бұзушыны екі бап бойынша: жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және жалпы аумақты ластау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұл мөлшері 13 890 теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы