Қазақстандықтар Halyk Bank мобильді қосымшасын пайдалану кезінде жаппай қиындықтарға тап болды. Банктің баспасөз қызметі техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде банк клиенттері белсенді түрде шағымданып, қолдау қызметтеріне жүгінуде. Олардың айтуынша, кейбірі өз қаражатын пайдалана алмай отыр.
Halyk Bank баспасөз қызметінің түсіндіруінше, Halyk App интернет-қызметтеріне қолжетімділіктің уақытша шектелуіне байланысты жүктеменің артуынан техникалық ақаулар туындауы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Отбасы банк те техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты банктік сервистердің уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаған болатын.