ҚКХП 11 қарашада съезд өткізеді

23 Қазан 2020, 16:02
3043
Бөлісу:
ҚКХП 11 қарашада съезд өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы орталық комитеті саяси бюросы мәлімдеме жасады.

Партия мүшелері 2021 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысатындарын айтты.

Бүгін өткен саяси бюроның қорытындысы бойынша Қазақстан Коммунистік халық партиясы алдағы мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті сайлауына қатысатынын мәлімдейді.

2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан Коммунистік халық партиясы түпкілікті шешім қабылдау, партиялық тізім мен сайлауалды тұғырнаманы бекіту үшін жоғары партия органының – съезд отырысын ұйымдастырады. Партия мүшелері мен Мәжілістегі біздің фракция бірқатар өзекті әлеуметтік мәселені талқылауға бастамашы болды, - дейді партияның орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, аталған партия қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және жалпы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған маңызды заңдарды қабылдауға қомақты үлес қосты.

Біз ҚКХП мүшелерінің Парламенттегі және мәслихаттардағы өкілдігін ұлғайтуды, онда тиімді заңнамалық жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың жұмыс деңгейін арттыруды көздеп отырмыз.

Ол үшін мемлекеттің көптеген өзекті мәселелерін және азаматтардың сұраныстарын шешу ұсыныстарын қарастыратын сайлау алдындағы бағдарлама әзірленуде. Біздің басымдықтарымыздың бірі депутаттыққа құзыретті кандидаттарды, оның ішінде әйелдер мен жастарды ұсыну болмақ. Бұл мақсатты аудиторияны және шешілетін мәселелер ауқымын едәуір кеңейтеді.

Қаржы дағдарысы, пандемия, әлемдегі әлеуметтік және саяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасайтынына сенімдіміз, - дейді Айқын Қоңыров.
Бұған дейін Қазақстан коммунистік халықтық партиясы орталық комитетінің хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Мәжілістегі ең егде депутат Владислав Косарев тағы да сайлауға түсуі мүмкін екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы