Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корей халық демократиялық республикасы осы аптада екінші мәрте зымыранын сынақтан өткізді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Орта қашықтыққа арналған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне қарай Ходо аралынан ұшырылған. Осылайша Хамген-Намдо елді мекенінен көтерілген қару 250 шақырымды еңсерген. Осыдан дәл бір апта бұрын да Солтүстік Корея сынақ жұмыстарын жүргізген еді.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ол кездегі ұшырылған зымыран техникалық сипаттамасы жағынан ресейлік «Искандерге» ұқсаса керек.