BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Біз туралы

BAQ.KZ ақпараттық агенттігі мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.

Мақсаты – интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту және барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

«Аймақтық БАҚ» бөлімінде сайттары жоқ 275 газеттің жеке парақшалары ашылып, жұмыс істеуде.

«Блогтар» бөлімінде 400-ге жуық блогшы интернет-күнделіктерін ашып, өз шығармашылықтарын оқырман қауымның назарына ұсынуда.

Сондай-ақ, Қазақстандық «Мәдени орталықтар» атты бөлім ашылып, қазақстандық музейлер мен театрларға, басқа да мәдени орталықтарға тегін негізде парақша ашып беріп, ақпарат таратуда.

Порталда шетелдегі қазақ диаспораларының тыныс-тіршілігін қамтитын «Жаһан қазақтары», мұрағаттардағы құнды деректерді жарыққа шығаратын «Асыл қазына» бөлімдері жұмыс істейді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша сайт Award.kz ұлттық интернет байқауының «Масс-медиа» номинациясында ІІІ орынды иемденді.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Сайтта жарияланған оқырман хаттары мен жеке автор мақалаларының мазмұны редакцияның көзқарасын білдірмейді