BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Жолдауға сай өмір салтына лайықтап жаңа технологияларды енгізу керек – маман

Елбасы Жолдауында айтылған цифрландыру міндеті бойынша қазақстандықтардың өмір салтына лайықтап жаңа технологияларды енгізу керек. Бұл туралы «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ президенті Зейнолла Шибкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Астана қаласы әкімдігі ғимаратында қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы аналар кеңесінің, ғылыми-сарапшылық тобының және қоғамдық келісім кеңесінің бірлескен жиыны өтті.

«Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы бүгін Президент Жолдауын талқылауға жиналды. Қазақстан алға қарай қандай бағытпен жылжиды, соның бәрін талдап отырамыз. Елбасы төртінші өнеркәсіптік революция туралы бекерден-бекер айтып отырған жоқ. Жолдауда айтылған цифрландыру міндеті бойынша қазақстандықтардың өмір салтына лайықтап жаңа технологияларды енгізу керек. Себебі Кеңес Одағынан кейін ЖІӨ қалай қатты төмендегенін білесіздер. Оны өсіру керек. Ол үшін еңбек өнімділігін және халықтың өмір сүруге қабілеттілігін арттыруға арналған жаңа технология, жаңа бағыт таңдауға тиіспіз», - деді Зейнолла Шибкенов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер