BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Жолдаудың 7-бағыты аясында арнайы конференция өтеді

Дүйсенбі күні, 15 қаңтарда, сағат 12:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші бағыты аясында білім беру саласын ырықтандыру туралы брифинг өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринова және «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов шара спикерлері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook, Вконтакте, Twitter, Periscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер