BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Жолдауда кәсіпкерлерді қолдаудың маңыздылығы айтылды – Перуашев 

Фото: автор

Алматы. Baq.kz тілшісі. Президент Жолдауында спорттық сауықтыру кешендерін көптеп тұрғызуға шақырды. Бұл өте маңызды, өйткені ұлттың денсаулығы қашанда мықты болу керек. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қазан Жолдауын талқылауға арналған партияның жиынында айтты.

Ол жиын барысында Жолдауда денсаулық саласына, спортты дамытуға көп көңіл бөлінгендігін айтып өтті.

«Бұл - өте маңызды, өйткені ұлттың денсаулығы қашанда мықты болу керек. Жолдаудың ертеңінде «Ақ Жол» партиясының Шымкент қалалық филиалының мүшесі әрі кәсіпкер азамат соңғы үлгідегі спорт кешенін ашты», - деді ол.

Сонымен қатар ол, Президент биылғы Жолдауында мұғалімдердің мәртебесі туралы Заң қабылдау керектігін айтқанын жеткізе келе оның маңыздылығына тоқталды.

«Өздеріңіз білесіздер педагогтардың жұмысы ең жауаптты әрі оған іске алғысыз ретінде қарайтындығымыз бар. Олар балаларды оқытады және түрлі сенбілік жұмыстарға да соларды жұмсайды. Сондықтан олардың мәртебесін көтеру өте маңызды», - дейді партия төрағасы.

«Жолдауда айтылған тағы бір маңызды нәрсе ең төменгі жалақының 28 мыңнан 43 мың теңгеге көтерілетіндігі болды. Бұл 1, 5 млн еңбек адамының жалақысы көтеіледі деген сөз, әсіресе ауыл адамдарының. Бұлардың барлығы мемлекеттік көмекке мұқтаж адамдар», - деді ол.

Сонымен қатар ол пезидент кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуға тапсырма бергендігін жеткізді.

«Президент Жолдау барысында кәсіпкерлерді салыққа тағы басқа ұсақ заң бұзушылыққа бола қолына кісен салып, қамай бермей, айыппұл салып, оларға да түсіністікпен қарауға шақырды. Бұл өте құптарлық жайт, өйткені кәсіпкерді қамаған соң жұмысы тоқтайды, ол дегенің көптеген адам жұмыссыз қалады деген сөз. Егер аздаған айыппұл салып,ескерту берсе ешкім де ұтылмас еді», -дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер