BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жастар тәрбиесіне дін қызметкерлері де жауапты – дінтанушы

Астана, BAQ.KZ. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында келер 2019 жылды «Жастар жылы» жеп жариялады. Осы орайда Қазақстан дінтанушылары конгресінің төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов Жолдауда айтылған өзекті мәселелерге қатысты өз ойын білдірген болатын.

Оның айтуынша Жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа тірбиелеуде дін қызметкерлерінің атқарар міндеті зор.

«Елбасы өз Жолдауында алдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай жастар арасында имандылықтың кең қанат жаюына, олардың ынтымақта, ауызбіршілікте өмір сүруіне, төл құндылықтарымызды бойларына сіңіруге ықпал етуге тиіспіз. Бұл бағытта құзырлы министрлік тарапынан, оған қарайтын үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қыруар шаруалар атқарылуда. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, асыл дініміздің негіздерін үйретуде, ұлттық тәлім-тәрбиеге баулуда ізденістер мен ілкі істердің қолға алынғанынан көпшілік хабардар. Алдағы уақыттарда да осындай бағыттағы жұмыстарға серпін беру, ілгерілету басты міндеттеріміздің бірі болып қала береді.

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауының басында еліміздің сан салада қол жеткізген елеулі жетістіктерін түйіп-түйіп айтып өтті. Расында да көңіл қуантарлық, кеуде марқаяр жетістіктер көп-ақ. Елбасы келер жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1 жарым есеге, яғни

28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсетіндігін айтты. Сонымен қатар 3 жылдың ішінде өңдеу өнеркəсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға 500 миллиард теңге басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру үшін Ұлттық банктен кемінде 600 миллиард көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлу ісі тапсырылды. Мұның бəрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау деп білеміз. Тұрмыс түзелсе, руханият саласын да жандандыру оңай.

Əсіресе педагогтің мəртебесі туралы заң қабылдау мəселесі өте оңды дүние болғанын айта кеткен абзал. «Алаш баласының басы қосылса, төр мұғалімдікі» дейтін Мағжан ақынның сөзінің бəсіресін биіктетіп, ұстаздарымыздың мəртебесін өсіру – ұлттың болашағы үшін жасалған игі қадам деп білеміз.

Бұған дейінгі Жолдаулар да күллі қазақстандықтарға ортақ міндеттер жүктейтіні белгілі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды. Оған дінтанушылар да өз үлестерін қосты. Бұл дінтанушылар үшін үлкен мəртебе əрі зор мүмкіндік болғаны сөзсіз», - дейді Қазақстан дінтанушылары конгресінің төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер