BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Владимир Волков: Жолдаудағы міндеттер – жұмысқа бағдар

Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков Назарбаевтың биылғы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналған Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті Назарбаевтың биылғы Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналып отыр. Мемлекет басшысы біз өмір сүріп жатқан жаңа жаһандық жағдайда күтіп отырмай, болашаққа сенімді қадам басқан және қатерлерге қарсы әрекет еткен халықтар ғана жеңімпаз атанатынын осының алдында да айтқан болатын.

Талдаулар бойынша, алдағы он жыл инновациялар жаппай енгізілетін және жоғары технологиялар мен қызмет көрсетулердің жаһандық нарықтағы бәсекелестігі күшейетін уақыт болады. Жоғары технологиялар мен инновациялар экономикалық өркендеудің драйвері болып табылады. 2050 жылға дейін әлемдік экономиканың сипаты елеулі түрде өзгеретіні байқалуда, ол жаңа деңгейдегі технологияларға жаппай көшуге әсер етеді.

Дамудағы жаһандық көріністерді ескере отырып, Мемлекет басшысы 10 негізгі міндетті айқындады және оны орындауға жұмылуға шақырып отыр. Басты міндеттердің қатарында «сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін орнату» міндеті бұрынғыша қала береді. Ел Президенті Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді жұмыстарды жалғастыруға берген тапсырмасы сыбайлас жемқорлықты анықтау және оның себептері мен алғышарттарын түбірінен жою жөніндегі жұмыстарды күшейтуге міндеттеп отыр.

Мемлекеттік органдардың тұрғындармен және бизнеспен өзара іс-қимыл үдерістерін сандық негізге көшіру жөнінде де тапсырма берілді. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының мөлдірлігін көрсетіп, жұртшылыққа қызмет көрсету үдерістерін жеңілдетеді. Сондай-ақ, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Парламент Сенатының депутаттары Президент Жолдауын іске асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыратын болады.

Парламент Сенатының депутаты Владимир Волков

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер