BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Тарифті көтеруге жол бермейтін «бірыңғай оператор» құрылады – облыс әкімі 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында газ бен ауыз су құбырын үйге кіргізу тарифін көтермеу мәселесін шешу мақсатында «бірыңғай оператор» құрылды. Бұл туралы өңір басшысы Асқар Мырзахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды жыл соңына дейін 88%-ға жеткізуді көздеп отырмыз. Осы орайда Тараз қаласында бірқатар жобалар іске асырылуда. Қаратау қаласында 138 көпқабатты тұрғын үйлер мен 56 әлеуметтік нысандарға су кестемен берілуде. Жыл аяғына дейін су тәулік бойы берілетін болады», - деді облыс әкімі.

Мырзахметовтың айтуынша, 373 ауылдық елді мекеннің 189-ы орталықтандырылған, 184-і басқа су көздерімен қамтылып отыр.

«Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдың 50-інде халықтың саны өте аз. Экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғаннан кейін бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отырмыз. Қалған 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспарланып отыр», - деді өңір басшысы.

Осыған дейін Жамбыл облысында газды үйге кіргізу құны қымбат болуына байланысты 88 мың адамның бұл қызметті пайдалана алмай отырғанын айтқан болатынбыз. Өңірде осы мәселесі секілді ауыз су құбыры бола тұра 50 мың тұрғынның сол құбырға қол жеткізе алмай отыр. Мұның себебі – қымбат тариф.

«Бұл мәселені топтастырылған су құбырларының тарифі жоғары болған кезде республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіндігі арқлы шешетін боламыз. Субсидия алу үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Тарифті көтермеу мәселесін шешу үшін облыста «бірыңғай оператор» құрғалы отырмыз», - деді Асқар Мырзахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін, аймақ басшысы тұрғындар үшін газды үйге кіргізу бағасы төмендетілгенін жеткізген болатын. Жалпы, облыс орталығы Тараз қаласында тағы екі аудан пайда болды. Сонымен қатар, апатты мектептер мәселесі де шешімін табатындығы айтылды. Ал өңірдегі дәрігерлер арасында кімнің жалақысы өсетіні туралы әкім нақты ойын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер