BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Сенатор Қостанайда жастармен кездесті

Қостанай, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Қостанай қаласында жастар ұйымдарының жетекшілерімен, үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларымен, студенттермен кездесті.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде өткен шараға осы оқу орнының басшылары мен жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы талқылаудың басты тақырыбы болды. Сенатор С. Бектұрғанов алдағы жылы ұстаздар мәртебесі туралы жаңа заң қабылданатынын атап өтті. Кездесуге қатысушылар жастар саясаты саласында өз идеялары мен ұсыныстарын айтты. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің сарапшылары өздерінің қазіргі жұмыстарын таныстырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер