Сенатор мұғалімдер мен дәрігерлерге Жолдауды түсіндірді - Жолдау|12 Қаңтар 2018, 11:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Сенатор мұғалімдер мен дәрігерлерге Жолдауды түсіндірді

Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысындағы денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері депутатқа жаңа облыстық аурухана құрылысын салу мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтініш айтты. Дәрігерлер қауымы ана мен бала өлімін азайтуға байланысты қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы өз ұсыныстарын да айтты.

Қарағанды политехникалық колледжінде Ершов білім беру саласының қызметкерлерімен әңгімелесті. Сенатор ел Президенті Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді және Парламенттің 2017 жылы қабылдаған заңнамалық актілерінің мазмұны туралы хабардар етті.

Мұғалімдер колледждер мен мектептердің, әдістемелік кабинеттердің және балалар бақшаларының жекелеген педагог мамандары еңбекақысының төмендігіне назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс істеу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігі аталып өтті.

Станиславский атындағы театрда өткен мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауының мазмұны жайында жан-жақты әңгіме болды.

Сонымен қатар, сала қызметкерлері еңбекақысының төмендігі, мәдениет, кітапхана және мұрағат істері, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер