BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Сауалнама: қазақстандықтардың 80%-дан астамы Мемлекет басшының Жолдауынан хабардар

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана. BAQ.KZ. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы Жолдауын жариялаған соң үшінші күні Еуразиялық интеграция институты ел тұрғындарының ой-пікірін білу мақсатында Қазақстанның ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында қайталама іріктеумен телефон арқылы жедел сауалнама жүргізді.

Мемлекет басшысы сөз сөйлеген күннен бері аз уақыт өткеніне қарамастан, сауалнама барысында тұрғындардың Жолдауда айтылған негізгі идеялар туралы жоғары деңгейде хабардар екендіктері және оған қызығушылық танытып отырғандықтары анықталды. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (82%) оның мазмұнынан қандай да бір деңгейде біледі. Сұралғандардың кемінде жартысы сауалнама жүргізілген кезде бұл құжаттың басты ережелерімен толық немесе жартылай танысып үлгерген.

Қазақстандықтар Жолдау мазмұнын жоғары бағалады. Жолдаумен танысқан респонденттердің басым бөлігінің пікірінше, онда халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру бойынша қажетті шаралар ескерілген (84,6%). Нақты осы шаралар халықтың түрлі топтарының арасында пікір тудырды. Атап айтқанда, сұралғандардың үштен бір бөлігінен астамы ең төменгі жалақы мөлшерін, сонымен қатар мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бойынша шараларды есте сақтап қалған, оны қолдайды (34,5%), әрбір бесінші адам (20,7%) денсаулық сақтау сапасы мен қолжетімділігін арттыру шараларын, тағы сонша адам – білім сапасын арттыруды қолдайды. Әрбір оныншы респондент тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын атап өтті, әсіресе, бұл мәселе қала тұрғындары үшін өзекті. Жас ұрпақ жастар және отбасы институтын кешенді қолдау шараларын, сондай-ақ 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды оң бағалады.

Қазақстан халқы Жолдауда айтылған денсаулық сақтау және білім беру саласындағы, халықтың табыс деңгейінің және тұрғын үйдің қолжетімділігінің артуы, баға мен коммуналдық тарифтердің өсуін тежеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шараларды қолдап қана қоймай, олардың бірінші кезекте іске асырылуы қажеттігіне баса көңіл бөледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер