BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Фатима Жақыпова: Ар-ұяты бар қызметкер жемқорлыққа жол бермейді

Фото: Today.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген жемқорлықпен күрес мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында нәтижелі еңбектің арқасында жұмыс бабымен көтерілу принциптері іске аса бастаған.

«Мысалы, өткен жылы республика бойынша 23 587 ішкі конкурстар жарияланды. Нәтижесінде шамамен 10 мың адам қызметке тағайындалды. Оның ішінде 5 500 мемлекеттік қызметкердің лауазымы өсті. Бірақ ар-ұят деген қасиеттің орны бөлек. Себебі, мемлекеттік қызметкердің ар-ұяты неғұрлым жоғары болса, оның жемқорлыққа жол бермеуі соғұрлым басым болады», - деді ректор.

Осы орайда, Фатима Жақыпова 2017 жылы шамамен 66 000 мемлекеттік қызметкердің арнайы аттестациядан өткенін атап өтті.

«Сол кезде кейбір қызметкердің ар-ұят деген қасиеті айқын байқалған жоқ. Алайда біз арнайы бағдарламаны әзірлеп, мемлекеттік қызметкерлерді өзін-өзі ұстауға, әдеп ережелерін сақтауға үйрете бастадық. Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, соның ішінде этика бойынша арнайы уәкілдердің жұмысын ерекше атап өткен жөн. Әрине, жемқорлық әрекеттері бар. Оны Мемлекет басшысы да өз Жолдауында көрсетті», - дейді Фатима Жақыпова.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Елбасы Жолдауында жемқорлыққа қарсы күрес жалғаса беретінін айтқан еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер