Біз туризм саласын дамытамыз – Рашид Күзембаев - Жолдау|12 Қаңтар 2018, 20:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Біз туризм саласын дамытамыз – Рашид Күзембаев

Фото: Yvision.kz

«Kazakh Tourism» АҚ басшысы Рашид Күзембаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні туризм саласы әлемдегі әрбір оныншы адамға жұмыс беруге қауқарлы. Оның үстіне туризмнің арқасында 800 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тікелей инвестицияларды тартады. Қазақстандағы туризм ұлттық экономиканы әртараптандырудың біріне айналуы керек. Мемлекет басшысы кез келген өңір үшін ең перспективалы табыс көздерінің бірі ол - отандық туризм екендігін тілге тиек етіп, оны әрмен қарай дамыту керек деп тапсырған», - деді РашидК үзембаев.

Сарапшының айтуынша, аталған салаға елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесін 8% арттыру керек екенін еске салды.

«Осыған орай, «Kazakh Tourism» АҚ Қазақстан Республикасының туризмін алға жылжыту және инвестициялар тарту мақсатында арнайы құрылған ұйым ретінде, ел ішіндегі саяхатты танымал ету бойынша іс-шаралар кешенін бастауға, Қазақстанның жаңа халықаралық туристік бағыт ретінде танылуын арттыруға, саланы сараптамалық қолдау, туризм саласына кәсіби кадрларды даярлау, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға қолдау көрсету керек», - деді Күзембаев

Маманның сөзіне сенсек, компания елімізді аталған салаға жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін заңнамадағы өзгерістерді енгізуді бастады.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысы туризм индустриясын дамыту бойынша бірқатар шаралар әзірлеу туралы тапсырма берді. Осы бағытта «Kazakh Tourism» ҰК мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнаманы жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты арттыру, өңірлердегі инфрақұрылымды жетілдіру, ұлттық парктерді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін жұмыс істейтін болады», - деп қорытындылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер