BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Президент Жолдауы аясында ірі мұнай газ жобалары мен мүмкіншіліктері талқыланды

Қазақстан экономикасындағы ең өзекті мәселе – мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

Елбасы Қазақстан xалқына Жолдауында соңғы 20 жылда еліміздің 300 млрд доллар көлеміндегі тікелей шетелдік инвеститциямен қамтылғандығы жайында атап айтқан болатын. Осы орайда бизнес саласының дамуы экономикалық өркендеудің негіздемесі екені көрсетілді. Аталған ақпаратқа сүйенсек, мұндай сервис – саласы қазақстандық кәсіптің маңызды әрі бөлінбес бөлшегі. Жергілікті құрамның дамуы мұнай саласындағы ортақ бюджеті 45 млрд долларды құрайды.

2017 жылдың желтоқсан айында Елбасының қабылдаған жаңа «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы Кодексінде осы жобалардың құрамының ұлғайуы алға қойған мақсат екені жазылған. Статистика бойынша, барлық мұнай сервис саласы көлемінің тек 50% ғана қазақстандық компаниялврға тиесілі, ал жер қойнауын пайдалану саласындағы мұнай сервистік қызметінің жылдық айналымы 8 млрд долларды құрап отыр.

«Қазақстанда 160 ірі мұнай сервис компаниялары жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласының нарығы белсенділік танытып отыр. Оған 3 себеп бар: бірінші, мұнай бағасының өсуі, екіншіден, ірі операторлардың дамуы, үшіншіден, Президенттің жолдау аясындағы инвесторлармен байланыстың нығайуы. Сонымен қатар, экономикамыздың несиелік секторын жаңғырту мақсатында банктермен байланыс орнатылды. Қазіргі таңда айналымдағы қаражатты толықтыру үшін банктердің мұнай-сервистік компанияларының өтімділік тұсын ұсына алмайтындығын көруге болады. Еркін айналымдағы қаржысы бар отандық компаниялардың аз екені белгілі. Жолдаудағы тағы бір тапсырма – экономиканың осы саласын дамыту. Биылғы жолдау басқа жолдаулардан ерекше, әсіресе кәсіпкерлерге. Осыған дейін олар мемлекеттің ішінде дамуына жол ашылса, бүгінгі жолдауда оларды дүниежүзілік экономикаға төтеп бере алатын жаңа кәсіпорындар құру болып табылады. Осыған орай бәріміз бір адамдай атсалысуға шақырамын», - дейді Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер