BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Өзекті мәселелерді шешуге жастарды жұмылдыруымыз керек - сарапшы

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында жастарға үлкен мән берілгенін айтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Көп құжаттарды алатын болсақ, жоспар, оның нәтижесі көрінгенімен, қаржының қайда бөлінетіні көрінбеді. Президент Жолдауды орындауға бюджеттен 1,3 трлн астам қаржы қарастырылғанын, әр нақты салаға қанша ақша бөлінетінін айтып кетті. Осыған дейін 23 Жолдау жарияланса, биылғысы нақты жоспары, бюджеті бар, нақты нәтижеге жетуді көрсететін Жолдау болды", - деді ол.

Ол Жолдауда жастарға берілген басымдықтарға тоқталып өтті.

"Жастарға деген осындай Жолдауды ең бірінші 2005 жылы ақпан айында естіген болатынбыз. Сол кезде жастар саясатына, оларға мән беріліп, "Жасыл ел", студенттік жасақтар құрылып, жаңадан серпін берген болатын. Содан 13 жыл өткен соң биылғы Жолдауда жастарға қайтадан үлкен көңіл бөлінгенін көріп отырмыз. "2019 жыл - жастар жылы" деп жарияланғанына қуаныштымыз. Елбасы осыған орай біраз шара өткіземіз деді. Әлеуметтік саланы дамытуда жастардың рөлі қандай, оларға арнап үлкен шаралар өткізіп қана қоймай, нақты жүйелі түрде оларды мәселелерді шешуге қалай тартуға болады, жастардың рөлін қалай көтере аламыз деген секілді үлкен радикалды өзгерістер керек болып тұр. Бұл өзгерістерді жастарға жеткізіп, оларды жұмылдырмасақ, жоғарыда отырып алып олардың үстінен түсіретін болсақ ешқандай нәтиже бермейтінін білеміз. Алға қойылған мақсаттарға жастармен бірігіп қалай жетеміз деген міндет тұр. Жастар саясаты деген кішігім семинар, форум, шараларды өткізу емес, жастардың алдында тұрған жүйелі сұрақтарды шешуге оларды қалай тартамыз деген үлкен сұрақ туындап отыр. Себебі қазіргі кезде жастардың рөлі қандай екенін, және оларды алдарында тұрған мәселелерді шешуге қалай тартамыз деген үлкен өзекті мәселені бәріміз бірігіп шешуіміз керек", - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысында партия басшылары мен кәсіби және қоғамдық бірлестіктер өкілдері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген басымдықтардың маңызына тоқталған болатын.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер