BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Оразгүл Дүйсенбекова: Жолдау ел дамуының ең өзекті мәселелерін көтерді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған негізгі 10 міндетті атап қөрсеткен болатын. Осыған орай Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор Оразгүл Дүйсенбекова өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет дамуының аса өзекті сауалдарына қатысты толықтай жауап берді.

Мұнан бөлек, Президент Жолдауы – ауылшаруашылық ғылымы мен білімі бүгінде аграрлық өнеркәсіптің тиімді дамуының негізгі шарты екенін дәлелдеді. Бүгінгі таңда нақты ғылыми нәтижелерге жету үшін мамандарды 3 деңгейлі даярлаудың сабақтастығы болуы тиіс. Бұл бағытта КазҰАУ Еуропа, АҚШ, Азия және Тынық мұхит елдеріндегі жетекші шетелдік университеттермен, ғылыми және технологиялық орталықтармен белсенді жұмыстар жүргізіп келеді.

Жолдаудың ерекше құнды жағы – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді қолдайтынын мәлімдеу. Адам капиталын дамыту стратегиялық тұрғыдан маңызды міндет болып саналады. Бұл мәселені шешу жолында білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде кешенді шаралар көзделген. Мұғалім мамандығының мәртебесін жоғарылату үшін педагогтардың еңбекақысы айтарлықтай көбейтіледі. Бұл шараның қажеттігі туралы Сенатта да бірнеше мәрте айтылған болатын. Білім беру, мәдениет пен идеология ұлттың рухани әлеуетін нығайту үшін қызмет етуі тиіс.

Сонымен, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болып жаңа заманға сай университетімізде агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігіне ат салысамыз. Сонымен қатар, Елбасымыздың стратегиялық жоспарын іске асыруда сенімді тірегі болуға және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, бұдан әрі өсуіне өз үлесімізбен қызмет етеміз. Жалпы, әлеуметтік жаңғыртудың астары, әрбір нақты адамға арналғанын, оның өмір сапасын көтеруге бағытталатынын білгеніміз жөн. Мұны біз болашақ бағдарымыз деп бағамдасақ одан ұтарымыз да көп, тиімді мүмкіндігі де мол. Сол себепті қоғамның жаңару процесін қалыптастырудың маңызы зор.

Ауыл шаруашылығы өндірісі елімізде кең етек жайған сала. Мемлекет қолдауының арқасында бұрын шатқаяқтап қалған шаруашылықтар дамудың арнасына түсті. Күшке салып жасалатын жұмыстарға технологиялар тартылып, жұмыс күші біршама жеңілдетілді. Еңбектің наны әркез тәтті болары сөзсіз. Бүгінгі еліміздің дамуына қарап отырсақ, жаңашылдық пен қарқынды қозғалыстың лебі еседі. Ауыл шаруашылығының дамуы шағын және орта кәсіпкерліктің шабыттануына ықпал етуде. Біз Елбасы алға қойған мақсаттарды орындау үшін ортақ іс-қимыл жасауға міндеттіміз. Осы жауапкершілікті әрбір қазақстандықтар сезінуі керек. Шәкәрім атамыз айтқандай, «Бар ғылымның түп атасы – Таза ақылмен ойлану». Ендеше таза ақылмен, адал еңбекпен алдағы үлкен белестерді бағындыруға сәтті қадам болсын!

Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты,

профессор Оразгүл Дүйсенбекова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер