BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Мұрат Әбенов: Өзін жұмыспен қамтушылардың көбеюі – барша қоғамның проблемасы

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының артуына байланысты пікірін Facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, мемлекет әзірлеген шаралар Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды 1,2 млн адамға қысқартады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Жақында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының артуына қатысты сыни пікір айтылды. Бұл әлеуметтік-экономикалық бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауда көп қиындық туғызады. Ол азаматтардың осы категориясына жеңілдіктер қарастырылған медициналық қызмет саласында ғана емес, салықтық түсім, нақты жұмыссыздар санын анықтау, білім саласын жоспарлауда да кедергі болады», - деп жазды ол.

Мұрат Әбеновтың айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбісі жасырын жұмыссыздардың қатарында деп есептеледі. Бірақ олар – шағын бизнес саласындағы кішігірім жеке кәсіпкерге жұмыс істейтіндер, сондай-ақ, тіркеусіз жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың жалдамалы жұмысшылары.

«Мұндай жұмысшылар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып қана есептеледі. Бірақ шындығында бұлар бос жұмыс орны бар есептің артында жасырын тұр. Біз «Серпін» әлеуметтік жобасының түлектерін жаппай жұмыспен қамту кезінде осындай проблемаға тап болдық. Бітіргендердің көбісі қызмет көрсету саласынан жұмыс тапты. Бірақ біз олардан жұмыс істеп жатқанын растайтын құжат талап еткенде, олар жұмыс берушімен ешқандай шартқа отырмай, жалақыны қолма-қол алып жүргенін көрдік. Яғни олар айтарлықтай жақсы жалақы алады, бірақ мұны ешкім қадағаламайды. Дегенмен, олар іс жүзінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады», - деп жазды сарапшы.

Оның айтуынша, бұл тек мемлекет үшін емес, қоғам үшін де өткір мәселе. Өйткені, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға бөлінетін әлеуметтік шығындардың белгілі бір бөлігі жалпы қазынадан төленуі керек. Оның үстіне мұндай жұмысшылардың еңбек құқығы қорғалған. Оларды кез келген күні жұмыстан шығара алады. Зейнетақы аударымын да жасамайды. Олар үшін еңбекке жарамсыз парағы және еңбек демалысы жоқ.

«Осы проблемаға тап болған соң, біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен кездестік. Олар бұл мәселемен айналысып жатыр. Себептері де анықталды. Негізгісі – қолданыстағы заңнама проблемасы. Тіркелмеген кәсіпкерлер мен ресми тіркелмеген жұмысшылардың көбеюіне кәсіпкерлік пен салық саласындағы қолданылып жүрген құқық нормалары», - деп мәлімдеді кеңес төрағасы.

Мысалы, жылдық табысы 12 айлық есептік көрсеткішінен аспайтын (2018 жылға – 340 мың теңге) жеке кәсіпкерлер мемлекеттік тіркеуге жатпайды.

«Яғни, кішігірім шаруашылық жұмысын жеңілдететін норма еңбек шартын тіркеуді алып тастауға мүмкіндік берді. Сондықтан жүз мыңдаған адам еңбек құқығынсыз жұмыс істеп жатыр. Ал мемлекет үшін олар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ғой. Айтпақшы, мұны әділ және тең бәсекелестік деп есептей алмаймыз. Өйткені, бір кәсіпкер жұмысқа ресми түрде қабылдап, салық төлейді, ал екіншісі салықтан қашып, жұмысшыға әлеуметтік төлемдер төлемей, жасырады», - деді Әбенов.

Министрлікте бұл проблеманы шешудің жүйелі шаралары нақтыланды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды қалыптастыру үшін жол картасы қабылданды. Бірінші кезекте, мемлекеттік кіріс органдарында тіркелудің жеңілдетілген жүйесін енгізуді қарастыратындай етіп тиісті заңнамалық базаға өзгеріс енгізу керек. Ол дегеніміз - белгіленген межеден төмен табыс табатын кәсіпкерлер қызметтерді цифрландыру аясында хабарлама беретін жүйе арқылы (ХҚКО, Қазпошта, e.gov.kz, еңбектің электронды биржасы) міндетті зейнетақы салымдары мен әлеуметтік төлемдерін аударып тіркеле алу. Мұнымен қоса, олар 2020 жылға дейін салық пен төлемдерден босатылады.

Тағы да, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жиналып қалған зейнетақы салымы мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарды жұмыс берушілер төлей алатындай етіп, әкімшілік жауапкершілікке тартпай, айыппұлдарға «кешірім» қарастыру жоспарланып отыр. Ал басқа өзгертулердің қатарында мынау бар: тіркеусіз және еңбек шартын жасаспай қызмет етіп жатқан кәсіпкерлерге талап күшейтіледі.

«Осы және тағы басқа жоспарлар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санын 1,2 млн адамға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деп қорытты Әбенов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету керек деген тапсырма берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер