BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Мұғалім балаларды оқытумен және тәрбиелеумен ғана айналысуы тиіс – депутат

Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазан жолдауына қатысты пікірімен бөлісті. Депутаттың айтуынша, биылғы Жолдауда жастарға аса үлкен мән берілген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Президент өз Жолдауында 27 жылда алғаш рет жастар проблемасына аса үлкен мән берді. Әрине, жастар әр Жолдауда назардан тыс қалып отырған жоқ. Бірақ, бұл мектептердің құрылысы, балабақшалар проблемасы, жоғары білім реформасы, мұғалімдерге деген қарым-қатынасқа қатысты болған еді. Ал қазір Елбасы мектепке дейінгі білімнің барлық деңгейін қамтыды. Бұның материалдық жағын ғана емес, мазмұндық жағына да мән берді. Мектеп білімінде де солай. Үш маусымды білім беру мәселесі қамтылды. Сондай-ақ, мектеп туризмі туралы сөз болды. Бұл да аса маңызды мәселе. Себебі туризм арқылы өзінің тұрған жеріне, Отанына деген махаббат пайда болып, сәйкес тәрбие беріледі. Сәйкесінше, бұл кітап арқылы берілмейтін патриоттық деп аталады», - деді Казанцев тілшіге берген сұхбатында.

Мәжілісменнің айтуынша, Жолдауда ұстаздарға көп мән берілді. Мұғалімдердің жалақысына, онымен қоса, ұстаздардың мәртебесіне қатысты маңызды шешімдер қабылданды. Ал мұғалімдер бұндай қадамды бұрыннан күткен еді.

«Себебі, ұстаздардың өмірі оларға қатысы жоқ функциялармен қиындап кеткен. Олар немен ғана айналыспайды? Әкімдіктер рахаттанып тұрып осындай қолайлы массаны пайдаланады. Енді әкімдіктегілер үшін «мұғалімдерде ерекше мәртебе, олар оқушыларға білім берумен және оларды тәрбиелеумен ғана айналысады» деген жауап дайын тұр. Ал қалған жұмысқа «сау бол» айту керек, олар болмауы тиіс. Меніңше, бұл дұрыс», - деді Павел Қазанцев.

Мәжіліс депутатының айтуынша, елімізде жоғары оқу орындарының саны тым көп, оларды қысқарту қажет. Президент айтқандай техникалық ЖОО-лар ашу керек. Назарбаев университеті сияқты ұлттық, ірі жоғары оқу орны қажет. Тек техникалық не политехникалық ЖОО болғаны дұрыс.

«Себебі, қазір біз цифрлық мәселелерде «түншығып жатырмыз». Бізге инженерлік білім жетіспейді, ал әлеуметтік білім тым көп. Жолдауда Назарбаев зияткерлік мектептерінде білімді жетілдіру мәселесі де айтылды... Яғни, бүкіл блок жастарға арналған. Бұнда идеологиялық, тәрбие, материалдық сұрақтар қамтылған. Және де соңында президент келесі жылды жастар жылы деп жариялаймыз деді. Бұл дұрыс. Себебі, қазір не ексек, қартайғанда соны орамыз. Біз не керек екенін түсінсек, өміріміздің соңына дейін мемлекетімізбен мақтанғымыз келсе, оны кімге тапсырып жатқанымызға сенімді болғымыз келсе, жастармен айналысуымыз керек. Балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарындағы жастармен қазір айналысу қажет. Сонда бізде барлығы жақсы болады», - деп түйіндеді Павел Казанцев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер