BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Мемлекеттік басқару академиясы өз жұмысын жаңғыртпақ

Фото: Фото: ОКҚ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы биыл өз жұмысын жаңғыртуды көздеп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған академияның ректоры Фатима Жақыпова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ректордың айтуынша, Мемлекеттік басқару академиясы Елбасының жолдауы аясында алдағы уақытта өз қызметін цифрландырады.

«Бұл мұғалімдердің қызметіне ғана байланысты емес. Ол біздің бизнес-процесстер және басқару шешімдерімен тығыз байланысты. Біз тиісті талдау жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде бізге жай темір ғана емес әрі реинжиниринг қажет деген пікірге тоқталдық», - деді Фатима Жақыпова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Академия құжат алмасуды және аталған орталықта білім алып жатқан азаматтарды бақылауды электрондық форматта жүргізеді. Сонымен қатар, ректор академияда профессорлық құрамды күшейту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын әрі «үлкен деректермен жұмыс істеу» сынды пәндер енгізілгенін атап өтті.

«Біз Bloomberg агенттігімен тиісті келіссөздер жүргіздік. Яғни аталған ұйымның терминалдарын пайдалану бойынша. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен кездестік. Бұл орталықта көптеген қызмет электронды форматта жүргізіледі ғой. Осыны ескере келе, біз тиісті құралдарды алғаннан кейін ХҚКО-ның деректеріне қосыламыз. Осылайша азаматтарға қандай қызметтердің сапасыз көрсетілгенін анықтай аламыз», - деді ол.

Осы орайда, Фатима Жақыпова «Цифрлық академия» жобасы Елбасының Жолдауын орындау мақсатының қолға алынатынын атап өтті. Ондағы мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің ІТ технологияларды пайдалану саласындағы әлеуетін арттыру.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер