BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мәжіліс депутаттары «Нұрлы жер» қаржысының бір бөлігін ауылға бөлуді ұсынды

Фото: ашық дереккөзден

Астана. Baq.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық мүшелері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» атты Жолдауын талқылады.

«Жолдаудың ең маңызды бөлігі ол – азаматтарымызды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, бизнес пен инвестклиматты жақсарту. Мемлекет басшысының ескертуімен Ұлттық Банктің «Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның жүктемесін төмендету үшін атаулы құны 1 млн теңге болатын 50 мыңнан кем емес баспана сертификатын шығарды. Қазір әкімдіктер де механизмді іске асырып отыр. Қазірдің өзінде оң үлгілер бар, мысалы Алматы облысының әкімдігі миллиондаған азаматты «7-20-25» бағдарламасына қатысуға қызықтыру үшін өз қаржысынан 2 млн теңге бөлді», - деп мәлімдеді депутат.

Божконың айтуынша, бұл ауылдан баспана алғысы келетіндерге және мамандарға үлкен жәрдем болатынын айтты.

«Тұрғын үйдің бағасы 8 млн теңге болса бұл шешім бастапқы жарнаны айтарлықтай жеңілдетеді және ипотеканы жылына 7% үстемемен алуға мүмкіндік береді. ҚХА төралқасында осы мәселені қарағанымызда ауылдағы қоғамдастық өкілдерінің бірі ауыл тұрғындары үшін жылдық үстемені 7% емес, 4% қылуды сұрады. Мәселе талқылануы тиіс, себебі бұл қосымша қаржы. Баспанамен қамту бағдарламасын ауыл жаққа да ыңғайлау қажет болып отыр. Мәжілісте «Нұрлы Жердегі» қаржының бір бөлігі ауылға бағыттау қажеттілігі туралы мәселені көтеруіміз керек.

Ауылда бір жағынан мамандардың саны жеткіліксіз, ал екінші жағынан олар баспананың жоқтығынан, жол, аурухана, спорттық мекемелер секілді әлеуметтік инфрақұрылым дамымағантықтан бармай отыр», - деді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, алдағы 5 жылда 103 мың азамат баспана жағдайын жақсарта алады.

«Әкімдер де бюджет қызметкерлері мен жас отбасыларға арналған бюджеттегі мүмкіндіктеріне негіздеп, осы сомаға өз үлестерін қосып, ауылда баспана салу мәселесіне жандандырады деп отырмыз. Биыл Мәжілісте әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосу туралы бірқатар заңға өзгерістер енгіздік. Осы арқылы 71 мың азаматымыз баспаналы болады. Мемлекет қаржысына 20 мың жалдамалы және 56 несиелік пәтерлер салынатын болады», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер