BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Марал Ізтілеуова: Жолдау – көлік инфрақұрылымын дамытудың даңғыл жолы

Биылғы Жолдауда Елбасы ел дамуының нақты 10 міндетін айқындап берді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне Жолдау туралы өз ойын айтқан техника ғылымдарының докторы, профессор Марал Ізтілеуова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Президент Жолдауы – еліміз үшін ең маңызды оқиғалардың бірі. Себебі онда Мемлекет басшысы біздің қоғамымыздың дамуына маңызды негізгі салаларды атап берді. Президент Қазақстан алдындағы 10 негізгі міндетті айта отырып, елімізде заманауи технологияны өнеркәсіп, қаржы, білім және т.б. салаларға белсенді түрде енгізуге баса мән береді. Осылайша, Жолдауда нақты тапсырмалар қойылып, оны шешу жолдары ұсынылды» - дейді Марал Ізтілеуова.

Ол өзі үшін көлік-логистикалық саласының Жолдауда нақты айтылғаны қуантарлық жағдай болғанын айтады

«Мен өзім үшін төртінші бағытты – «Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды» белгілеп қойдым. Бұл пункте көрсетілген тапсырма жаңа тапсырма емес. Мұндай басымдылық Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында да көрсетілген. Тек бұл салада өзгерістер байқалады. Бұл туралы Мемлекет басшысы ұмытпай атап өтті: «2017 жылы Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалы 17% артып, 17 миллион теңге болды». Қазір бүкіл әлемде жүк тасымалы бойынша заманауи логистикалық технологиялар – «есіктен есікке» қолданылады. Бұл жерде көлік-логистикалық инфрақұрылымы халықаралық нарықтың қызығушылығын арттырады ма деген мәселеге назар аударған жөн. Қазақстан өзінің географиялық орналасқан жерін пайдаланып, жүк тасымалын тарту керек» - дейді ғалым.

Марал Ізтілеуованың айтуына қарағанда Жолдауда атап көрсеткендей, еліміз көлік-логистикалық инфрақұрылым тиімділігін арттырмайынша, ел дамуын алға жылжыту да оңайға соқпайды.

«Нарықтық қатынасқа көшу көлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізді. Өйткені, көлік қызметін тұтынатын клиенттің талабы сапаның жаңа деңгейіне өтуіне ықпал етті. Сондықтан бәсеке болған жағдайда ішкі нарықтағы көлік-логистикалық инфрақұрылым тиімділігін арттыру маңызды. Бұл саланы дамытпасақ, көлік жүйесі артта қалып, жалпы экономиканы дамыту баяу жүреді» - дейді техника ғылымдарының докторы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер