BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Косарев: Жолдау қоғамды толғандырған мәселелерге жауап берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының Жолдауы халықты толғандырған мәселелерге жауап болды. Осылайша, Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік органдар халыққа, қарапайым азаматтарға қызмет ететінін түсіндірді», - деді депутат.

Осы орайда ол мемлекет азаматтардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауға міндетті екенін жеткізді.

«Нарық өзін-өзі реттейді деп айтудың қажеті жоқ. Мемлекет азаматтың қалай өмір сүретініне, оның қалай тамақтанатынына, жұмыспен қамтамасыз етуге, балаларының тиісті көмекті алуына жағдай жасауға міндетті. Жолдау қоғамның сұранысына жауап берді. Менің ойымша, Мемлекеттік органдар Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындау үшін тиісті жұмыстар жүргізеді», - деді Владислав Косарев.

Сөз соңында депутат Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлер мен полицияға жаңа міндеттер жүктегенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы әркім өз міндетіне және Қазақстан халқына қалай қызмет еткеніне жеке жауап беретінін атап өтті. Бұл еліміздің дамуына тың серпін береді», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер