BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қымбат Әбдікерімова: Қазақстандық білімді дамытуда «болашақтықтарға» сенім артылып отыр

Елбасы Жолдауына қатысты пікір білдірген Алматы қаласы бойынша "Болашақ" корпоративтік қорының директоры Қымбат Әбдікерімова биылғы Жолдауда айтылған «қазақстандық білімді дамытуға» «болашақтықтардың» қосар үлесі зор екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Елбасы биылғы Жолдауында қазақстандық білімді дамыту жайлы айтты. Бір кезде Президент өзі бастама көтеріп, арнайы бағдарлама жасап, қазақ жастарын шет елдегі атақты оқу орындарына білім алуға жіберді. «Болашақ» бағдарламасымен оқитын қазақстандық жастарға шет елдік жастар қызыға қарайтын еді. Биылғы Жолдауда Елбасымыздың «қазақстандық білім» туралы айтуы сол «болашақтықтарды» ойландыруы керек деп ойлаймын» - дейді Қымбат Әбдікерімова.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі кезде цифрлық Қазақстанды дамыту үшін болашақтықтардың берері көп.

«Сол қиын-қыстау кезеңде Елбасы экономикалық дағдарысқа қарамастан бізді, яғни қазіргі "Болашақ" бағдарламасының түлектерін әлемнің ең үздік университеттеріне оқуға жіберді. Себебі, білім алу өте қиын, ал білімсіздік одан да қиын, - деп санаған еді Елбасы. Осы жолғы Жолдауында да Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталға баса назар аударып, руғани жаңғырудың басты кепілі екенін атап өтті. Біз "болашақтықтар" әрі қарай инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып және де «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында жұмыс жасауға дайынбыз» - дейді Қымбат Әбдікерімова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер