BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ҚХА депутаттары Жолдауды түсіндіру мақсатында өңірлерге барады

Астана. Baq.kz.. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының мүшелері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабевтың халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында өңірлерді аралайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко «Президент Жолдауы – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға қамқорлық» атты баяндамасында айтты.

«ҚХА республикалық кеңесінде Жолдауды талқылау барысында ассамблеяның және оның құрылымдары мен этномәдени ұйымдарының артықшылықтары анықталды. Ассамблеяның барлық құрылымы алдында халықтың әртүрлі тобына түсіндіру жұмыстарына қатысу міндеті тұр», - деді Божко.

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко хатшылықта ассамблеяның Мәжілістегі депутаттық тобының мүшелері белсенді қатысуы мақсатында шаралар легі ұйымдастырылатынын атап өтті.

«17 қазан мен 27 қазан аралығында өңірлерге сапар барысында қолдарыңызда тұрған Жолдау идеясымен және ҚХА республикалық Кеңесінің үндеуімен қарулануымыз қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен және этномәдени бірлестіктермен кездесіп, біз қарастырған Жолдаудан туындайтын заңнамалық жобалар туралы баяндауымыз қажет», - деп атап өтті спикер.

Олар – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Агроөнеркәсіп кешенін реттеу мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.

«ҚХА кеңесі Жолдау тақырыбын әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды, сондай-ақ ҚХА хатшылығы этномәдени бірлестіктерінің жұмыс жоспарына қажетті өзгерістер енгізу міндетін алға қойып отыр», - деді Божко «Президент Жолдауы – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға қамқорлық» атты баяндамасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер