BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазан Жолдауы. Назарбаев жаңа комитет құрылатынын мәлімдеді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігінде Ұлттық модернизация комитеті құруды тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Реформаларды жүзеге асыруды бағалап, негізгі стратегиялық құжаттарға мониторинг жүргізу үшін Президент әкімшілігінде Ұлттық модернизация комитетін құруды тапсырамын. Комитет барлық нұсқауларға мониторинг жасап, тексеріп, оның орындалуын талап етіп және маған баяндама жасауы тиіс», - деп мәлімдеді Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Ол комитеттің басқа да функуяларға жауап беретінін айтты.

«Бұдан бөлек статистикалық көрсеткіштерге мониторинг жасап қана қоймай, маңызды мәселелер бойынша халық арасында сауалнама жүргізетін болады. Бұл кері байланыс ретінде жұмыс істейді, яғни адамдар нені қалайтынын және неге қанағаттанбайтынын білетін боламыз. Мұндай тәжірибе барлық ЭЫДҰ елдерінде бар. Комитет маған әр бағыт бойынша жағдайлар туралы баяндайтын болады», - деді Президент.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер