BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Қазан Жолдауы мұғалімдерді міндетінен тыс функциялардан арашалайды – педагог

Фото: akorda.kz

Президент ағымдағы жылғы Жолдауында оқушыға лайықты білім беру үшін уақыт тапшылығы деген мәселе болмауы керектігін қолдап, мұғалімдерді міндетінен тыс функциялардан арашалауды жеткізді. Бұл жөнінде Жамбыл облысындағы нөмірі 3 арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектептің мұғалімі Гұлшат Өтегенова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазан Жолдауына арналған облыс активі жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының жылсайынғы Жолдаулары еліміздің рухын арттырып, күш-қуатын біріктіретін құжат. Жолдаудың әрбір тармағы қазіргі уақыт жағдайына сай айтылған. Әсіресе, мұғалімдер күні қарсаңында Елбасы білім саласына, соның ішінде, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ерекше мән беріп, мұғалімдердің мәртебесін жоғарылату туралы ұсынысы баршамызды қуантты. Педагогтарға қоғамнан орын берді, жалақысын арттырып, өз қызметінен тыс жұмыстарға жұмсауға болмайтыны туралы ұсынысы көңілімізден шықты», - деді ұстаз.

Ол келесі жылы педагог статусы туралы заң қабылдау жөнінде тапсырмасын барша ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдағанын атап өтті.

«Заңда мұғалімдердің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы, жүктемені қысқарту, мұғалімдер мен балабақша қызметкерлерін ынталандыру жайы қарастырылмақ. Расымен де мұғалімдердің жүктемесі көбейіп кетті. Мұғалім деген ізденімпаздықты талап ететін мамандық. Оқушыға лайықты білім беру үшін уақыт тапшылығы деген мәселе болмауы керектігін Президентіміз қолдап, мұғалімдерді міндетінен тыс функциялардан арашалауды жеткізді. Педагогтар үшін жасалатын осындай қамқорлық пен қолдау қоғамда мұғалімге деген сенімді арттыратыны сөзсіз», - деді педагог.

Ол бүгін мемлекет тарапынан заманауи техникамен жабдықталған, соңғы үлгідегі компьютерлері бар мектептер салынып, ІТ дәне робот техникасы сыныптары ашылып жатқанын, осы тұста иұғалімдер де өз білімдерін жетілдіруі тиіс екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер