BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазан Жолдауы. Мұғалім мәртебесін айқындайтын заң дайындалады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өңірлерде ұстаздарға кез келген жұмыс тапсырылатынын, аталған мәселені шешу үшін мұғалім мәртебесін айқындайтын заң дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдау қажет. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге стимул беруі қажет. Оларға түсетін жүктемені азайту керек», - деді ол.

Осы орайда Елбасы мектептердегі орынсыз тексерістерді азайту, мұғалімдердің мәртебесін айқындау үшін арнайы заң қажет екенін жеткізді.

«Жергілікті жерлерде мұғалімдерге кез келген жұмыс тапсырылады. Мұғалімдер сайлау өткізеді. Насихат жұмыстарын да ұстаздар жүргізеді. Бірнәрсе қажет болса, мұғалімдер жіберіледі. Сол үшін оларға ешкім ақша төлемейді. Бұл жұмыстардан оларды босату керек. Олар сабаққа дайындалу керек қой. Уақытында ғана жұмыс істеуі қажет. Тіпті оларды орынсыз тексере береді. Аталған заң осы үшін қажет», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер