BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қазан Жолдауы: 600 млрд теңге көлеміндегі несиені кімдер ала алады

Фото: Нұржас Жақсыбай

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Президенті Жолдауының аясында қолжетімді несие беру үшін Ұлттық банк бөлетін 600 млрд теңге кімдерге берілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында елімізде жасалып жатқан соңғы жылдардағы барлық реформалар мен өзгерістердің соңында әр азаматтың әл-ауқаты, оның тұрмысының жақсаруы, болашағы нақты көрсетілуі керек деп атап өтті. Балық реформаның негізі көрсеткіші – билік басындағылар сол арқылы бағаланатынын және ол туралы арнайы комитет құрылғанын да атап өтті. Биылғы Жолдауында да Елбасы еліміздегі орта, шағын бизнестегі мәселелер туралы айтып кетті. Қазіргі өзекті болып отырған шағын және орта бизнеске кредитке қол жеткізу туралы айтты. Әсіресе шикізат емес тауарларды шығаратын, халыққа керекті тұтынатын негізгі тамақ түрлері, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз секілдінің бәрі елімізде өндірілуі керек деген нақты тапсырманы қойды. Бұл көптен бері шағын және орта бизнестің айтып келе жатқан мәселесі. Сондықтан Елбасы бұл мәселені жақсы білетінін, нақты шешімге келгенін атап өтті. Сондықтан кәсіпкерлер атынан Мемлекет басшысына ризашылығымызды білдіреміз», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы.

Мырзахметов Елбасының бұл бастамасын отандық кәсіпкерлікті қолдауда, сондай-ақ халыққа күнделікті тұтынатын тауарларын тиімді бағада сатып алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бұл бір жағынан халыққа да пайдалы болады, өйткені тауарлардың бәрі теңгемен шығарылады. Сондықтан халық тұтынатын негізгі тауарлар толық өзімізде шығарылуы керек. Екінші мәселе, тауар өзімізде шығарылса өзіміздің өндіріс көздері жұмыс істейді, салығын төлейді, жұмыс орындары пайда болады. Елбасыдан сұрағанда шикізат емес заттарды шығаратын тамақ, киім-кешек, жиһаз, дәрі-дәрмек, машина жөндеу, құрылыс материалдарын шығару секілді сегіз сала барын және 2000 кәсіпкер тіркелгенін атап өттік. Жыл басында паспорттағанымызда олардың 55%-ы ғана жұмыс істеп отырғанын анықтадық. Елбасының тапсырмасынан кейін оларға тұтынушылардан, мемлекеттен жаңа тапсырыстар түсіп, осы мәселелер өте орынды шешіледі деп үміттеміз және Үкіметпен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз», - деді ол.

Оның айтуынша, 2000 кәсіпкердің 55 пайызында тапсырыс бар болса, ал қалған бөлігіне қаражат көзі жетпейді.

«Ұлттық банк басшысы банк жүйесінде ақша көп деп айтып отыр. Біздің айтып отырғанымыз ақша бар, бірақ ол қысқа мерзімді, қымбат ақша. 18-16 %-бен өндірісті көтеру өте қиын. Сондықтан Елбасы тек қана халық тұтынатын тауар шығаратын мекемелерге 600 млрд теңге қаржы бөлінеді деп атап өтті. Мұны Үкімет қадағалап отыр. Мұндай мекемелердің тізімін беруге дайынбыз. Мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, нақты қаражат, тапсырыс бөлінеді. Ал олардың негізгі міндеті – керекті тұтынатын сапалы таурларды нақты бағасымен халыққа жеткізу», - деді Мырзахметов.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөлетінін айтты. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер