BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Кәсіподақтар Елбасының Жолдауын талқылады

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясында елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кәсіподақтар белсенділерінің мәжілісі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған шара Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өтті. Нұрсұлтан Назарбаев жаппай цифрландыру дәуірінің индустриясын құру үшін индустрияландырудың үшінші бесжылдық жоспарын әзірлеп бастауды тапсырды. Мұндай өтпелі кезеңде еңбек көлемінің кеңею қаупі болуы ықтимал.

«Президент өз жолдауында біздің алдымызда тұрған қиындықтарға төтеп беруді тапсырды. Десек те, өнеркәсіптік революция – бұл жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелділікті де талап етеді. Жолдау аясында қабылданған әлеуметтік саладағы маңызды шешімдер адами капиталды жетілдіруге ғана көмектеспейді, сонымен қатар, тұрақты және жаппай әлеуметтік-экономикалық прогресс негізі болып табылады. Әрине, жаңа технологиялық құрылым жұмыс орындарын оңтайландыруды көздейді. Қызметкерлерімізге мұның не себепті екенін және жаңа мамандықтар бойынша қайта біліктілігін жоғарылатудың және өзгеру үрдісінде болудың қандай мүмкіндіктері бар екенін түсінуіміз керек», - дейді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым.

Спикердің пікірінше, тәуекелдік аймақта нақты табыс әкелмейтін кәсіптер де бар. Сондай-ақ, механикалық қайталанатын үдерістерге ұшыраған төмен білікті жұмысшы мамандықтар бүгінгі күнде жоғалуда.

«Естеріңізде болса, осыдан 5-6 жыл бұрын Астанада халықаралық келіссөздер жүргізетін арнайы пункт болған. Қазір ол жоқ. Бұл дегеніміз, көптеген мамандық жоғалып кетіп жатқанын айтады. Тіпті заңгерлер де бағдарламалау форматына жүгініп отыр. Құқықтық салада туындайтын барлық мәселе 90% компьютерлік жүйеге ауысқан. Қазіргі таңда, адамзат баласы көкейінде тұрған сұрақтың жауабын арнайы бір өкілге бармай, үйде отырып, жаңа технологиядан біліп отырады», - дейді Бақытжан Әбдірайым.

Ал танымал саясаттанушы Ерлан Саиров цифрлық дәуірге бейімделудің барысында елімізге тиімді жақтарын атап өтті.

«Қазіргі таңда, байқасаңыздар адамның еңбегін жасанды роботтар жасауда. Яғни адам еңбек ету монополиясынан айырылып жатыр. Сондықтан бұл жолдаудың негізгі мақсаты осы дүниенің жаңа келбетінен қалыс қалмау болып табылады. Мұнда елбасының айтып отырғаны, мәселен шет елдегі технологияларды, әсіресе ауыл шаруашылық саласындағы технологияларды елге әкеліп, Қазақстанды дүниежүзілік хабына айналдыру. Себебі, адамзат баласының саны күннен күнге өскендіктен, азық-түлік жағынан тапшы болып отыр. Ал Қазақстанның жері құнарлы. Сондықтан заманауи техникаларды егістік алқабына жұмылдырсақ, әлемдік мәселенің бір шешуін таптық десек, артық етпес», - дейді Ерлан Саиров.

Дайындаған: Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер