BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ішкі істер органдарын жаңғырту Жол картасы қабылданады

Фото: syrboyi.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отыырсында Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құқық қорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматын қоғамдық қауіпсіздікті мониторингілеу жүйелерімен қамтамасыз етуді көздейтін Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасы қабылданатын болады. Соттардың жұмыс істеуінің заманауи форматын және озық электронды сервистерді енгізу артық сот рәсімдерін қысқарту арқылы сот жүйесін жаңғырту одан әрі жалғасатын болады», - деді министр.

Сүлейменов азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік ақпарат атты төртінші міндет шеңберінде 19 іс-шара көзделгенін атап өтті.

«Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарға түсіндіруді көздейтін «Жаңа формацияның басшысы» мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады. Басшы лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерді арнайы қайта даярлау курстарына, жеке сектордың үздік жеке компанияларға жұмыс тәжірибесі бар және білікті жетекші университеттерінде білім алған мамандар тартылатын болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ, ол еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшу үшін бюджеттік шығыстарды, оның ішінде ведомстволық бағынышты ұйымдардың шығыстарын оңтайландыру мен үнемдеуді бақылау қамтамасыз етілетінін айтты.

«Тиімді сыртқы саясат деген бесінші міндет шеңберінде сыртқы саясатты қазіргі жағдайларға бейімдеу және ұлттық мүддені прагматизм қайраттарында ілгерілету бойынша шаралар қабылданатын болады. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі үдерістеріне атсалысу алтыншы міндет шеңберінде 6 іс-шара көзделген. Атап айтқанда, жаңа мазмұнды және бағыттарды көздейтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ағымдағы жылы жастардың барлық санатын қолдау шараларын көздейтін Жастар жылын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді. Әскери-патриоттық тәрбие рөлін күшейту үшін «Сарбаз балалар-жасөспірімдер» бірлестігі құрылады. Жалпы алғанда, жалпыұлттық жоспарды уақытылы орындау Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жасқартуға бағытталған Жолдауында берген тапсырмаларын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге және әлеуметтік экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізін қалауға мүмкіндік береді», - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер