BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Халықаралық қоғамдағы Қазақстан рөлі артып келеді — Хироки Сакаи

Вако университетінің профессоры Хироки Сакаи ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әртүрлі салалардағы дамуын жалғастырып, өз болмысын әлемге көрсетуге атсалысып отыр. 2017 жылы «болашақ энергиясы» тақырыбында Халықаралық көрме өткізіліп, оған дүниежүзінің елдерінен көптеген адам қатысты. Сонымен бір уақытта, 2017 жылы Қазақстан Республикасы 2 жылға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланып, 2018 жылғы қаңтардан бастап оның Төрағасы ретіндегі қызметін жүзеге асыруға кірісті. Халықаралық қоғамдағы Қазақстанның рөлі жыл сайын айтарлықтай артып келеді. Бұл мемлекет ішіндегі инфрақұрылым мен экономикалық белсенділіктің жандануы арқылы да қолдау табумен бірге Қазақстан халқы білімі деңгейінің, адамгершілік құндылығы мен моралдық қасиеттерінің жоғары болып табылуымен де байланысты болып отыр деп ойлаймын. Әрине, басқа да елдердей бірнеше әлеуметтік проблемалар бар, алайда қоғам тұрақты және ондағы қауіпсіздік мүлде жаман емес. Ел ішіндегі қоғамның және экономиканың тұрақтылығы Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдағы іс-қимылдарымен байланысты деп айтуға болады», - дейді ол.

Сондай-ақ, профессор Қазақстанның латын әліпбиіне ауысуына қатысты ойын айтты.

«Осы уақытқа дейін қазақ тілі кирилл әліпбиі бойынша жазылып келді, дегенмен бұдан былай латын қарпі негізіндегі әліпбиге көшу жолында. Бұл да Қазақстанның ілгерілеп отырған халықаралық іс-әрекетінің бірі болып табылады деп санаймын. Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауының 7-міндеті «Білім берудің жаңа сапасы» деген бөлікте аталған мәселе туралы атап көрсетілген. Сонымен бірге, «қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату» мәселесі де одан әрі дамытуға бағытталған міндет деп есептеймін. Бұрынғы заманда қазақ даласы Шығыс пен Батысты, Азия мен Еуропаны жалғастыратын маңызды орын болып табылған. Бұл жерде белсенділік танытқан батыр көшпенді халық дүнижүзінің тарихын жасап келді деп айтсам артық болмас. Геосаяси тұрғыдан алғанда да маңызды сипатқа ие орында тұрған Қазақстан Республикасының адамдары бұдан әрі әлем тарихын қалыптастырады деп сенім артамын және осыған бағытталған іс-әрекеттер айқын көрініс табады деген үмітім бар», - дейді Хироки Сакаи.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер