BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Елбасының Жолдауы бізді рухтандырды – мүгедектер бірлестігі

5 қазан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс деп атап өтті. Елбасының осы бастамасына «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасы Жолдауындағы бағыттардың бірі – еліміздегі мүгедектігі бар жандарға тағы бір назарын бөлуі. Ол бағдарламада Елбасымыз мүгедектігі бар жандарға әр қалада, әр облыста, әр ауылда қоғамдағы басқа азаматтармен бірдей жағдай жасау туралы айтты. Мүгедектігі бар жандар қазіргі таңда қоғамға, ортаға белсенді түрде араласып, жұмысқа орналасып, білім алып, жақсы өмір сүруде. Мүгедектігі бар адамдардың өзі тәуелсіз өмірді өткен соң немқұрайлы қарамай басқа жандарға көмектесіп, тәжірибесімен бөлісіп, қоғамда белсенділік танытқаны бізді өте қуантады», - деді «Дос тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.

Ал бірлестіктің төрайымы Дина Ердилдинова Елбасының биылғы Жолдауы мүгедек жандарды рухтандырғанын айтады.

«Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс деді. Бұл бізді рухтандырады. Мүгедек азаматтарға кедергісіз орта құруға біз де атсалысамыз. Жыл сайынғы Жолдауында Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарға назар аударуымыз керек, олар басқа да азаматтарымыз секілді жұмыс істеп, еңбек етуі тиіс, жақсы өмір сүруі тиіс деп айтады. Сол үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы орта қалыптастыруды тапсырды. Қазіргі таңда мұндай азаматтар жұмысқа орналасып, басқалармен теңдей білім алатыны қуантады. Олар отбасын құрып, спортпен айналысып, бұқаралық спорт пен мәдени шараларға қатысып жүр», - деді «Дос» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрайымы Дина Ердилдинова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер