BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Елбасының Жолдауы ағарту саласы қызметкерлері үшін тың серпіліс болды – профессор

Фото: Автор

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 5 қазан күні республикалық БАҚ арқылы жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауындағы жаңа бағыттар мен міндеттер елімізде үлкен, ауқымды істердің бастауы болмақ. Бұл жайында Қарағанды мемлекеттік университетің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

«Тәуелсіздіктің үшінші он жылдығында отырған еліміз үшін Президентіміздің бұл жолдауы Қазақстан халқына үлкен күш беріп, жаңа идеяларға ұмтылуына, саяси-экономикалық дамуы мен рухани кемелденуіне тың серпін берері сөзсіз», - дейді профессор Қойлыбай Асанұлы.

«Жолдауда қадап көрсетілген, «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» деген сөздері ағарту саласы қызметкерлері үшін тың серпіліс болды. Сондай-ақ, жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптардың күшейтілуі мен жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы жайында айтылған пікірлер жастардың болашағына жарқын үміт сыйлады», - дейді ғылым докторы.

ҚарМУ профессоры жолдауда айтылған негізгі алты бағыт уақыт талабынан туындап отырған ұсыныстар мен міндеттер екендігін айтады.

«Елбасының бұрынғы жолдауларында айтқан «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген сөздері әлі күнге күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі екендігі ақиқат. Бұл жолғы жолдауда да, өткенді саралай отырып, болашаққа баянды істермен қадам басу керек екендігі нақты көрсетілген. Жолдаудың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші бағытында айтылған мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту, орта білім жүйесі, білім берудің жаңа сапасы жайлы ұсыныстары қоғам үшін маңызды», - деген пікірде Қ.Асанұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер