BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Елбасы Жолдауы аясында білім беру жүйесін жаңа талаптарға сай жаңғырту қажет – сарапшы

Фото: Фото: ОҚК

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаһандық өзгерістерге үнемі бейім болу қажеттігін жеткізді. Сондықтан жаңа білімді меңгеру мемлекет дамуының басты бағыты болып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының жетекшісі Жанар Тайжанова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасының Жолдауында білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы ретінде жаһандық өзгерістерге үнемі бейім болу қажеттігі айтылған. Сондықтан жаңа білімді меңгеру мемлекет дамуының басты бағыты болып отыр. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласындағы білім беру жүйесін жаңа талаптарға сай жаңғырту қажет», - деді Жанар Тайжанова.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарды Елбасы мен ҚР Президент әкімшілігі қолдайды. Оны Жолдаудағы әр міндет бойынша нақты қойылған талаптардан байқауға болады.

«Мысалы, бірінші міндетке тоқталайын. Елбасы индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеу қажеттігін айтты. Демек, бұл мемлекеттік деңгейдегі жаңа бағдарламалардың және жобалардың пайда болуына септігін тигізеді», - деді ол.

Осы орайда, Жанар Тайжанова еліміздің индустриялық тұрғыдан даму үшін жаңа бағдарламалар мен білікті кадрлар қажет екенін айтып өтті.

«Аталған бағдарламаны және соның ішіндегі жобаларды басқаратын, заманауи технологияларды, әдістерді пайдалана алатын, жаңа форматтағы мемлекеттік қызметкерлер қажет. Сол жаңаша ойлайтын мемлекеттік қызметкерлер дайындауға академия дайын», - деді сарапшы.

Сонымен қатар, ол экономиканы цифрландыру бағытында қандай жұмыстар жасау қажеттілігіне тоқталды.

«Биылғы Жолдауда экономиканы цифрландыру деген бағыт бар. Оның тәуекелдерін де атап өту керек. Цифрландыру елімізде білім деңгейі төмен, тәжірибесі жоқ, бәсекеге қабілеті төмен мамандарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Сондай қауіп бар. Сондықтан біздің академия осы оқыту бағдарламаларының сапасын арттыру арқасында мемлекеттік қызметшілерді осындай кедергіден, қауіптен сақтандыру бағытындағы жұмыстарды қолға алады», - деп түйіндеді сөзін Жанар Тайжанова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер