BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Биылғы Жолдау жастарға тың серпін береді – облыс әкімі

Фото: Farmers.kz

Биылғы Жолдау жастарға тың серпін береді, себебі Елбасы келесі жылды «жастар жылы» деп жариялады. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған облыс активі жиналысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жолдаудағы алтыншы басымдықта әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысу қажеттілігі айтылды. Әрбір облыс тұрғыны жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін жете түсінуге күш салу қажет. Осы орайда «Рухан жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы баршамызға қатысты. Жамбыл облысы экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризм саласына ерекше көңіл бөлініп отыр», - деген облыс басшысы 2018 жылдың басынан бастап аймақтағы туризмді дамыту мақсатында облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шараларға тоқталып өтті.

"Биылғы Жолдау жастарға тың серпін береді, себебі Елбасы келесі жылды «жастар жылы» деп жариялады. Жастарға саналы тәрбие мен заман талабына сай сапалы білім беру - баршамызға ортақ міндет. Бүгінде өңірде 240 мыңнан астам жас бар. Бұл облыс халқының 21% құрайды. Олармен жұмыс жүйелілікті, мақсатты жоспарды талап етеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі есепті мерзімде 2,4% құрады. Сол сияқты, NEET, яғни, жұмыссыз, оқымайтын санаттағы жастардың үлесі былтырғы 15,7%-дан 9,2%-ға дейін азайды.Өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша межелік көрсеткіштер белгіленді. 9 айдың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Бұл жұмыстарды мейлінше оңтайландыру мақсатында іс-қимыл жоспары бекітілді", - деді Мырзахметов.

Оның айтуынша, жоспарға сәйкес 14 мыңға жуық жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз еңбекпен қамтыған жастардың және оқу орнын аяқтаған түлектердің дерекқоры жасақталды.

«Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр. Жолдаудың талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз. Сондықтан, барлық деңгейдегі әкімдер мен депутаттар корпусы, ардагерлер және қоғамдық ұйымдар мен сала белсенділері Жолдаудың жүзеге асырылуына белсенді атсалысады деп сенеміз. Бекітілген кестеге сәйкес облыстық ақпараттық топ елді мекендерге шығып, тұрғындармен еңбек ұжымдарымен тиісті кездесулер өткізетін болады. Мақсатымыз айқын, межеміз белгілі», - деген өңір әкімі жамбылдықтарды Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерді жұмылып, жүзеге асыруға шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер