BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Берген Маратұлы: Елбасының Жолдауы халық арасында кең қолдауға ие болды

Елбасы өзінің биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған 6 нақты қадамды атап өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Беспалинов Берген Маратұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы орайда аталған маңызды қадамдардың бірі азаматтарымыздың сұраныстарына бағытталған мемлекеттік аппаратты құру болды.

«Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі», - деп Президент өз Жолдауында атап өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі еліміздің барлық өңірлерінде халықпен сапалы және шұғыл кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыруда. Ақмола облысының тұрғындары үшін аталған жоба іске қосылған уақытынан бастап ақ өтінім жіберудің өзіндік бір «навигаторына» айналды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне осы күнге дейін 90-нан астам өтініш келіп түсті. Көбінесе жұмыстың сапасын арттыру бойынша ұсыным сипатындағы хабарламалар түсіп, бұл өз кезегінде азаматтардың жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа белсенді араласуының бір көрсеткіші.

Ақмола облысында халықпен кері байланыс жүргізу жүйесінің тағы бір тиімді және тұрақты моделі өңірлік арнайы мониторингтік топтар арқылы іске асуда. Өз өтінішін қалдыруды, не болмаса қандай да бір мәселелер бойынша шұғыл кеңес алуды қалайтын азаматтар өз өңіріндегі аталған топтың мүшелеріне хабарласа алады.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің жоғары нәтижелер көрсеткенін атап өтті: «Барлық пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметке қызығушылық артты, әсіресе өңірлік деңгейде оның өзектілігі жоғары».

Жағымды нәтижелерге қарамастан, тындырар іс әлі көп. Елбасы атап өткендей, ең бастысы – олар мұны тек жалақыны көбейту ғана емес, бәрінен бұрын, жұмыстарының тиімділігін арттыру деп түсінуі керек. Осы орайда ол еңбекке төленетін қаржының өсімі бюджет шығысын, соның ішінде бағынышты мекемелердің шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен өтелуін бақылауда ұстауды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес мәселесі де назарсыз қалған жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайту сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға ықпал етеді. Жыл басынан бастап Ақмола облысында 2 865 184 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, олардың 82% электрондық форматта көрсетілді. Бұл электрондық үкіметтің тиімділігін халық арасында белсенді насихаттау жұмыстарының нәтижесі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін ашық, ал қызметтердің өзін сапалы ету, әкімшілік бөгеттерге шек қою – алдымызда осындай міндеттер тұр. Осының барлығы түбінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға жол ашады.

Сонымен қатар Елбасы қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет деп ескертті. Басшылар өздерінің кәсіби қызметінде ашықтық, қолжетімділік және жариялылық саясатын ұстануы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюы, ұжым ішінде меритократия қағидатының ұстанылуын қамтамасыз етуі, бөлек қызметшілерге қатысты қолдампаздық пен біржақты жағымсыз қатынастың орын алуына жол бермеуі, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Бүгінгі Елбасының Жолдауы халық арасында кең қолдауға ие болды. Біздің міндетіміз – қысқа уақытта аталған тапсырмаларды жүзеге асыру.

Жарқын болашағымызды достықта, келісімде және бірлікті құрудың қажеттігін түсінетін уақыт келді. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамның қолдау көрсетуі бұдан да артық нәтижелерге қол жеткізуге және әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге өз септігін тигізетініне кәміл сенімдімін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер