BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Бауыржан Серіков: Біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесімен бөлісуге әзірміз

Астана, Baq.kz. Осыдан 10 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрылды. Осы уақыт аралығында Қазақтынның түкпір-түкпірінде әлемдік озық тәжірибені іргетас еткен 20 білім ордасы ашылды.

Ұлт көшбасшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында аталған білім жүйесін еліміздің барлық мектептеріне енгізу қажеттігін айтты. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бауыржан Серіков дербес білім беру ұйымының ұжымы 10 жылда жинақталған тәжірибемен барлық педагогтар қауымымен бөлісуге әзір екендігін жеткізді.

«Елбасы биылғы Жолдауында білім беру саласына, оның ішінде мұғалімдердің статусына баса мән берді. «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және қабылдау арқылы біз үлкен жетістікке қадам басамыз деп ойлаймын. Өйткені әлемдегі экономикасы, саяси-әлеуметтік саласы мықты мемлекеттердің көбінде педагогтардың статусы өте жоғары. Мұғалім ретінде, осыған келгенімізге өте қуаныштымын. Бірінші кезекте кез келген мемлекетте мықты экономика, мықты бизнес болу керек. Оның барлығы педагогтан келеді. Яғни, білімнің арқасында. Педагог ол басқа мамандардың барлығын даярлайтын маман. Сондықтан, мұғалім – басты мамандық деп ойлаймын. Оның мәртебесі жоғары болса, басқаларының сапасы артып, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға септігін тигізері анық. 10 жылда жиналған тәжірибе өте мол. Онымен өзгелермен бөлісуге біз дайынбыз. Елбасы биылғы Жолдауында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептерде біріңғай стандартқа айналдыруды тапсырды. Бұл – білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан реформаның қорытынды кезеңі деп ойлаймын», - деді Бауыржан Серікұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер