BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

«Әзірет Сұлтан» музейі Елбасы жолдауын талқылады

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жиында музей басшысы Нұрболат Ахметжанов Жолдауда көрсетілген ел дамуының басым бағыттары мен міндеттеріне тоқталды.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Президент ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін баса айтқан болатын. Цифрландыру – заман талабы. Қазіргі таңда цифрлық технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес, ондай өндірушілер тауарының сапасы мен бағасында ұтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Бұл мəселе қоғаммен тығыз қарым-қатынастағы барлық мекемеге де тиесілі. Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылады. Сондықтан музей ұжымын Елбасының Жолдауын халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырамын», - деді музей директоры Нұрболат Қадырұлы.

Байболов өз кезегінде Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарына қосылуына тілектес екенін жеткізді.

«Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мақсат еттік. Осы идеяны әрқайсымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» 30 дамыған елдің қатарына қосылатынымызға сенімім кәміл», - деді музейдің ғылыми қызметкері Байболов.

Ал музейдің бас редакторы Жолдаудың барлық саланы қамтып өткенін тілге тиек етті.

«Елбасы ұсынып отырған 10 міндет еліміздің білім жүйесін түбегейлі өзгертпек, ресурстарымызды барынша тиімді пайдалануға жол ашып, ақылды технологиялар арқылы агроөнеркәсіпті дамытып қана қоймай ауыл тұрғындарының әлеуетін көтеру, жолдар, құрылыс саласы, қаржы секторларын жаңғырту мəселесі де күн тәртібінде болса, адами капиталдың бар жағдайы да басты назарда. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, жаһанда жегі құрттай жайылған сыбайлас жемқорлықпен күрес, дамыған «Ақылды қалалар» пайда болуы да зор жетістікке айналары сөзсіз. Бұл Жолдауды бүкіл қазақстандық бір кісідей қолдайтынына мен өз басым кәміл сенемін», - деді музейдің бас редакторы Манапов.

Жиын соңында Ахметжанов «Жолдаудағы басты міндеттердің бірі - жаңа технологияларды біздің еліміздің барлық экономикалық саласына, соның ішінде мәдениет саласына да енгізу көзделіп отырғанын айтты.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ұжымы да Елбасының қойған басты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарын іске асыруда «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» қолға алып, Жолдауды өз ісінде қолдану үшін барлық күшін салатын болады», - деді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер