BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Азат Перуашев: Жолдау технология саласындағы ғалымдарға мүмкіндік береді

«Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Елбасы жолдауына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ақжол» демократиялық партиясы бизнес партиясы ретінде Жолдауда бизнеске арналған бағыттарды ерекше бағалайды. Бұл жолы Елбасымыз индустрияға ғана емес, ең алдымен инновациялық бағытына назар аударып отыр. Егер біз инновацияны бас мақсат ретінде, бас көрсеткіш ретінде алсақ, кез келген кәсіпорынды емес, кез келген өндірушілерді емес, тек заманауи жаңа технологияларды пайдаланатын, жаңа технологиялар алып келетін, компанияларды қолдауымыз керек», - деді депутат.

Сонымен қатар, депутат Жолдауда айтылған жаңа технологияны дамытушы ғалымдардың жаңалығын өндірісте пайдалану керектігін айтты.

«Елбасымыз бұл жерде өте маңызды екі нәрсе көрсетті. Біріншіден – қазіргі кезде елімізде бар санаулы компанияларды цифрландырудан өткізу керек. Олардың тәжірибесін басқаларға да кеңейту, бұл – бір. Екіншіден – сол компаниялар заманауи талаптарға сәйкес келмесе, әсіресе цифрландырумен байланысты оларды жаңарту арқылы өткізу керек деді. Тағы бір нәрсе, қаншама ғалымдар жүр. Олардың жасаған жаңа технологиялары, жаңа әдістемелері бар болса да, кәсіпкерлер, бизнесмендер оны қолданғаны шамалы. Елбасымыз осы Жолдауында мына бизнеске де, әсіресе нақты секторда істейтін, яғни өндірушілерге сол жаңа технологияларды қолдануға, пайдалануға ынталандыратын әдістеме жүргізу керек деп айтты. Біз бұл ұсынысты қолдауымыз керек», - деді Азат Перуашев.

Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына арналды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер