BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Ауыл» партиясы Елбасы Жолдауын қолдайды - Абдулла Сапаров

Биылғы Жолдауда Қазақстанның қарқынды дамуының тетіктері мен бағыттарының орындалу жолдары толығымен қарастырылған. Бұл туралы «Ауыл» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Абдулла Сапаров Жолдауды талқылауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Елбасының салихалы саясатының арқасында еліміздің өсуіне және өркендеуіне, оның болашақ даму бағаттары осы Жолдауға дейін анық айқындалған.

«Оның ішінде халықтың экономикалық әлеуметтік жағдайларын жақсарту жолдары7-20-25, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» тағы басқа мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген. Елбасының халыққа Жолдауы еліміздің тығырық жолдан шығып, қарқынды дамуына негіз бола алатын теңдесі жоқ маңызды құжат. Биылғы Жолдауда Қазақстанның қарқынды дамуының тетіктері мен бағыттарының орындалу жолдары толығымен қарастырылған. Ондағы бар мақсат халақтың жағдайын, әл-ауқатын жақсарту, 30 озық елдің қатарына қосу. Ол үшін еліміздегі жеделдетілген технологияларды жаңғырту, макроэкономиканы тұрақтандыру, адами капиталды жақсарту, білім мен ғылымды эконрмикалық өсімнің басты тетігіне айналдыру. Озық дамыған елдердің тиімді үлгілерін ала отырып, өзгерістер жасау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру және агро өндірісті кешеннің дамуына ерекше көңіл болып саналады. Осының барлығы еліміздің қарқынды дамуының шамшырағы бола алады. Ол үшін қажырлы еңбек пен толағай табыстар қажет және оған жұдырықтай жұмылсақ жету жолы оңай болатынын жақсы білесіздер»,-деді ол.

Дөңгелек үстел отырысында еліміздегі ауыл шаруашылығы саласы мен Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы мәселесі және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың басым тұстары жайлы айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер