BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Асар Мұқанова: Қазақстан тұрмыс сапасының деңгейі жоғары әлеуметтік мемлекет құруға бағыт алғанын жария етті

Фото: kisi.kz

Бұл негізгі қағида Елбасының Қазақстан халқына деген әр жолдауында маңызды орын алып келеді. Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы жолдауында «Келесі он жылдықта атқарылатың маңызды жұмыс – Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтуын атап өткен». Бұл туралы Алматы қаласындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Асар Мұқанова айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тұрмыс сапасын арттыру бағытында жұмыс атқару – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа жолдауының негізгі түйіні.

Қазіргі заманауи экономикалық сөздікке жүгінетін болсақ, онда біз «тұрмыс сапасы» терминін әлеуметтік-экономикалық салаға жатқызылатынын қөреміз, жалпы терминнің түсінігі тек қана материалды қажеттіліктерді тұтыну ғана емес, соған қоса рухани қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы, денсаулық, өмір ұзақтылығы, адамның қоршаған ортасы және оның жан-дүниесінің жайлылығы.

Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, мемлекеттің қолдауымен Қазақстанда жылдан жылға жаңадан жолдар, мектептер, ауруханалар, балабақшалар салынуда, өндірістік кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.

Сонымен қоса осы жетістіктермен тоқтап қалмауымыз қажет, әлі де көптеген мәселелер өз шешімдерін тапқан жоқ. Ең маңыздысын бізге Елбасы өзінің жолдауында анық көрсетті. Қойылған мәселелерді шеше отырып, біз қазақстандықтардың тұрмыс сапасы көрсеткіштерін арттыра аламыз.

Елбасы жолдауының маңызды міндеттерінің бірі – тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекетіміздің әр аумағында жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру.

«7-20-25» ауқымды бағдарламаның іске қосылғанымен, халқымызға тұрғын үй несиесі қол жетімді емес. Осыған орай Елбасы әкімдерге жергілікті қордан жеңілдетілген несиелердің алғашқы жарнасын төлеудің ішінара субсидиясын, сонымен қоса тұрғын үй сертификаттарының берілу мәселелерін қарастыруды ұйғарды. Үлгі ретінде Елбасы Астана қаласының әкімшілігі енгізген тәсілді келтірді.

Белгілі бір адамның – азаматтың бақыты ол алға қойылған маңызды мәселелерді жүзеге асыру арқылы отбасының әл-ауқатын арттыруға әкелетін жолдар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер