BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Ақтөбе облысында Студенттік лига құрылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мəлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» атты Жолдауында спорт ғимараттарын, əсіресе оларды оқу орындарында тиімді пайдалану бойынша біздің алдымызға міндеттер қойды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 12 қазан мен 9 қараша аралығында «Студенттік лига» өткізіледі. Жарыс Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің базасында өтеді», - деді Нұрлан Күнтуов.

Оның айтуынша, «Студенттік лига2 аймақ арасында ЖОО-ның ынтымақтастығын нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар оларды ұйымшылдыққа, командалық қарым-қатынасқа тарту жəне жастардың спорттық-бұқаралық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіледі.

Жарыс шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол жəне баскетбол секілді спорттың бес түрінен өтетін болады. Оған ЖОО-нан 200 студент қатысады.

Айта кетейік, Ақтөбеде 24 мың студент оқитын 6 жоғары оқу орны жұмыс жасайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер