BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ақтөбе облысында инвесторлардың мәселелері шешілуде

10 қазан 2018 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында және «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Медетов «Green capital Kazakhstan» ЖШС өкілі Майкл Хондерспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында, департамент басшысы Р.М.Медетов пен компания өкілі Майкл Хондерс жобаның маңыздылығы, алға қойған мақсаттары, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы, көрсетілетін мемелекеттік қызметтер сапасы және кездесетін әкімшілік кедергілерді жою туралы әңгімелесті.

Департамент басшысы өз сөзінде «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында қойған мақсаттарға сәйкес кәсіпкерлікті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылатынын» айтты.

Сондай ақ, елімізге келетін инвесторлар тарапынан Қазақстан Рсепубликасының Заңдарын құрметтеу және қатаң сақтау қажеттігін, басқаша жағдайда инвесторларды сүйемелдеуден бас тартатынын да атап өтті.

«Green capital Kazakhstan» ЖШС өкілі Майкл Хондерс аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізетіндігін және бизнестің қарыштап дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама екендігін айтып, жоба аясында Департамент тарапынан жылыжай кешені құрылысының сараптамасы нәтижесін уақытылы алу мәселесі оң шешімін тауып, қолдау көрсетілгендігін және нәтижесінде жылыжай құрылысының қарқынды дами түскенін сөз етті.

Алдағы уақытта, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге уәде беріп, Департамент жұмысына табыстар тілеп, мемлекет тарапынан елдегі бизнесті дамытуға көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдірді.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Green capital Kazakhstan» ЖШС басшылары жалпы соммасы 20 млрд теңгені құрайтын инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимыл туралы екіжақты келісімге қол қойды.

Бүгінгі күні Департамент тарапынан жоба аясында жалпы соммасы 333 млрд 848 млн теңгені құрайтын өзара іс қимыл туралы 20 инвестициялық келісімге қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер