BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақмоланың экспорттық әлеуетін арттыруға күш салынады

Фото: sputniknews.kz

Ақмола облысы активінің кеңейтілген жиналысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауы талқыланып, стратегиялық маңызды құжаттан туындайтын нақтылы міндеттер сараланды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Облыс басшысы индустрияландыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Ақмола облысы индустриалды-аграрлы аймаққа айналып отырғандығын атап өтті.

«Бүгінгі күні аймақта өнеркәсіп өнімдері 25%, ауыл шаруашылығы өнімдері 15% артып отыр. Ендігі кезекте Ақмоланың экспорттық әлеуетін арттыруға күш салынатынын болады. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, экспортқа негізделген индустрияландыру экономикалық саясаттың басты негізіне айналуы тиіс. Облыста Индустриаландыру картасы бойынша 81 жобаның 26-сы экспортқа негізделген. Бұлардың барлығы өңдеуші сектор саласына тиесілі. «Капитал Прожект», «ҮшБұлақ», «ҚазГерқұс», «Астана Агропродукт», «Көкшетау минералды сулары», «Көкше Цемент» және басқа да ірі атап өтуге болады», – деді Мәлік Мырзалин.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңдеуші кәсіпорындарды қолдау мақсатында алдағы үш жылда қосымша 500 млрд теңге бағытталмақшы. Өңір басшысы облыстағы бірқатар салы басшыларына тапсырма жүктеді.

«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы басқармалары мен қала, аудан әкімдері инвестиция тарту, бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытындағы жұмыстарды күшейтуі тиіс», – деді өңір басшысы.

Облыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 16,5 млрд теңге бөлінген. 600-ге жуық жоба субсидияланған. Инфрақұрылым тартуға 12 млрд теңге бағытталып, 15 мың жаңа жұмыс орындары ашылды»

Осы уаыт ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеген аталған бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылға дейін ұзартылды. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 млрд теңге қаражат бөлінетін болады.

«Облыста кәсіпкерлердің сот, прокуратура, әкімдік, мемлекеттік кіріс департамент басқа да өкілетті органдардың іс-әрекетіне қатысты арыз-шағымдары көбейіп кеткенін атап өткім келеді. Осы орайда Президенттің берген тапсырмасын тағы да естеріңізге саламын», – деді облыс басшысы.

Әкім бизнесті дамыту үшін барынша жағдай жасау қажеттілігін атап өтті.

«Облыс бойынша бо жер телімдерінң картасын жасап, интернетке салдық. Көкшетау қаласы бойынша портал жұмысын жақын арада аяқтаймыз. Өз кезегінде бизнес те заң аясында жұмыс жүргізуі тиіс. Көлеңкелі экономикамен күрес мақсатында аудан, қала әкімдері мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесіп салық және жалақы төлемін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруыс тиіс», - деді өңір басшысы.

Актив жиналысында облыс әкімі денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй құрылысы, жалақы мөлшерін көбейту бойынша тапсырмалар жүктеді. Өңірде өткен жылдан бастап ортаа жалақы мөлшерін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ел Президентінің кезекті Жолдауы елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге басымдық берілгенімен ерекшеленді. Тұрғындардың әл-ауқаты өмір сапасына байланысты. Президент тапсырмасымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы бір жарым есеге артады. Ақмола облысында бюджеттік ұйымдарда 58 мың адам еңбек етуде.

«Орташа еңбекақы көрсеткішін жақсартып, 12 орыннан көріндік. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер бар. Облыс аудандарына жасалған сапарларда бірқатар кәсіпорындарда жұмысшыларға төленетін еңбекақының ең төменгі мөлшерден де аз екендігі анықталды. Өкілетті органдар осындай заң бұзушылықтарға назар аударуы тиіс», – деді облыс әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер