BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ақмолада 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

Фото: dengi.ua

Келер жылы Ақмолада 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы Елбасы Жолдауын талқылау барысында өңір басшысы Мәлік Мырзалин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Жолдауда тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы маңызды басымдықтар қатарына жатқызылды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 14 арендалық үй пайдалануға беріледі. Бұл 3 есе өсімді білдіреді. Несие түріндегі 4 үй қатарға қосылып, былтырғы көрсеткіштен 2 есе артпақ. 2019 жылы еліміздің Тәуелсіздік жылдарында алғашқы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деді облыс әкімі М.Мырзалин.

Ипотекалық несиелеудің жаңа «7-20-25» бағдарламасының арқасында тұрғын үй алудың қосымша мүмкіндіктері пайда болды. Осы орайда өңір басшысы облыста тұрғын үй сертификаттарын іске қосуды тапсырды.

«Аймақтар арасында Ақмола облысы үздік үштіктің қатарынан көрінді. Алда ауқымды жоспарлар бар, босаңсуға болмайды. «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруды есепке ала отырып, құрылыс басқармасы тұрғын үйді пайдалануға берудің жылдық өсімін 8 % арттыруды қамтамасыз етуі қажет. Елбасы тапсырмасына сәйкес тұрғын үй алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстық құрылыс басқармасы тұрғын үй сертификаттарын іске қосу жөнінде ұсыныс енгізуі тиіс. Біздің өңір тұрғындары үшін де «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін пәтерлер қолжетімді болуы тиіс», – деді өңір басшысы.

«7-20-25» бағдарламасы биылғы жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеуде. Осы орайда әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін елімізде 39,8 млрд теңгенің 3339 өтінімі қабылданған.

«Бағдарлама тұрғындардың қызығушылығын туғызып отыр. Қыркүйекте өтінім берушілер қатары артты. Облыста 1 млрд теңгенің 121 өтінімі мақұлданды. Еліміз бойынша баспана құнының орташа бағасы 12 миллион теңгені, Ақмола облысында 8 миллион теңгені құрап отыр», – дейді ҚР Ұлттық Банкі Ақмола облыстық филиалының директоры Виталий Чеусов.

«Баспана» ипотекалық компаниясы құрылысты қаржыландыруға 150 млрд теңге бөлетіні белгілі. Бұл облыста шамамен 640 тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Ал пәтердің орташа бағасы 10 млн теңге деп бағаланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер