BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Агротехнологияларды тарту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады – «Манат» ШҚ

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулардың тиімсіз бағыттары қысқартылып, елге заманауи агротехнологияларды тарту шаралары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігі арттырады. Бұл жөнінде «Манат» шаруа қожалығының жетекшісі Сақа Манатов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасы кешегі Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына аса үлкен көңіл бөлгені белгілі және бағыттардың қайсысын алып қарасаңыз да, халық үшін маңызды. Мемлекет басшысы өз Жолдауының бесінші бағытында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе арттыруды тапсырды. Жолдауда мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулардың тиімсіз бағыттары қысқартылып, заманауи агротехнологияларды тартуға басымдық беруі айтылды. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілетті және сапалы өнім өндіруге, сондай-ақ, өз өнімін экспортқа шығаруға зор мүмкіндік береді», - деді ол.

Шаруа қожалығының жетекшісі бүгінгі күні жоғарыда аталған қолдаулардың арқасында оның иелігіндегі ұйым қант қызылшасы дақылының көлемін екі есе арттырып отырғанын айтты.

«Өндірген 700 тонна көкөніс өнімдері облыстар және Астана, Алматы қалаларына өткізіліп отыр. Сонымен қатар, сүт фермасындағы 200 бас асыл тұқымды сауын сиырдың сүттері сүт өңдеуші кәсіпорындарға өткізіп жатырмыз. Жолдауда аталғандай, қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімінің экспортын 2022 жылға қарай арттыруды қолдай отырып, мүдделі кәсіпорындар төңірегінде шаруашылықтарды ұйымдастырып, ет экспорты көлемін арттыру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сонымен қатар, бұл жұмыстар еңбек өнімділігін арттыруға өз септігін тигізеді деп ойлаймын», - деген Сақа Манатов ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер атынан Жолдаудағы аграрлық саланы дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау білдіріп, алдағы міндеттерді толық жүзеге асыруға барынша атсалысатынын мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер