BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

2019 жыл жастар саясатын қайта қарайтын жыл болмақ – Мәди Ахметов Эксклюзив

Фото: ашық дереккөзден

«Жас қадам» қоғамдық қорының төрағасы, Халықаралық IT университеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мади Ахметов Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы ұсынысы жастар саясатына қалай әсер ететінін айтты.

«Елбасы 23-рет халыққа Жолдауын арнап отыр. Жолдаудың міндеті – бұған дейін жарияланған үлкен жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал ететін негізгі мақсаттарды айқындау. Жолдауда көптеген бағыттар қамтылған, оның ішінде құқық қорғау саласы мен білім беру жүйесін жетілдіру өте жақсы көрсетілген», - деп атап өтті Мәди Ахметов.

Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау соңында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы тегіннен-тегін емес деп санайды.

«Жастарды 9-10 сыныптан бастап болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтарға бағыттауды, жаңа 10-нан астам қажетті жаңа технологияны меңгеруді атап өтті. Екі сағаттық жиынның кульминациясы 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы жәйдан-жәй емес. Елбасы тәуелсіздік алған сәттен әрбір мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөлін, маңыздылығын, олардың қатысына аса мән беріп, қамқорлығын көрсетіп келе жатыр. 2019 жылы бір жыл бойы Жастар жылын атап өтуіміз тегіннен-тегін емес. Неге десеңіз, Қазақстандағы 18 млн астам халықтың 40 пайыздан астамы 14-пен 29 жас аралығындағы жастар. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біз өте жас, өсіп келе жатқан халықпыз. Елбасы көреген саясатымен болашаққа көз жүгіртіп, яғни тәуелсіздік алған жылдардан бастап аға буын жасап кеткен дүниелерді әрі қарай жалғастыратын, татулықты сақтайтын, мемлекеттік саясатты қолдайтын жастарды қалыптастырып шығару қажеттігін, яғни ұрпақтар сабақтастығы мен синергияның пайда болуын айтып отыр», - деді «Жас қадам» қоғамдық қорының төрағасы.

Жас көшбасшы барлық жасты қамтитын ортақ құжат пен Жол Картасы аясында жұмыс істейтін болсақ нақты нәтижеге жетуге болатынын айтты.

«27 жыл ішінде жастар форумы, гала-форум, слет, съезд, конференция тағы да басқа бір күнде өте шығатын дүниелер өз кезегінде жастарды біріктіру үшін керек болды. Қазіргі таңда нақты түрде мемлекеттік дәрежеде барлық жастың басын қосатын, барлық жасты қамтитын ортақ бір құжаттың, Жол картасының аясына жұмыс істейтін болсақ онда нақты нәтижеге жететін боламыз. Баспана мәселесі тағы да көтерілді, бұл жерде жергілікті әкімдіктердің бастапқы жарнасына көмек беруін тапсырды. Қызылорда облысының әкімі Көшербаевтың үлгісін көрсетті. Бұл – жастардың заманы, жастардың дәуірі. Сонымен қатар осы бойынша нақты механизмді ойлап тапсақ, әлеуметтік лифттің қайтадан жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Жастардың серпіліп, мемлекеттік саясатқа, бағдарламаға деген белсенділіктері артып, аймақтарда біз білмейтін, жетістікке жетіп жүрген жастардың шоғырын қалыптастырып, үлкен бір платформа пайда болады деп ойлаймын. Сол себепті өзім «Жас қадам» қоғамдық қорының төрағасы, Халықаралық IT университеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жастармен жұмыс істеп жүрген адам ретінде бұл өте дұрыс қабылданған шешім деп санаймын. Жастар жылы жастар саясатын түбейгейлі қайтадан қарап, есеп беру үшін ғана жасалып жүрген дүниелерді жаңғыртып, бүкіл механизмдерді ойластырып, «Рухани жаңғыру» аясында үлкен жетістікке жеткізетін жыл болмақ», - деп сөзін түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер